Ресей денсаулық сақтау министрлігінің инфекциялық аурулар жөніндегі бас маманы, профессор Владимир Чулановтың айтуынша, метапневмовирус инфекциясының ауыратын топтарға иммунитеті тапшы адамдар кіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ria.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Владимир Чулановтың айтуынша, метапневмовирус инфекциясының ауыратын адардар келесідей:
- 5 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан ересектер;
- иммунитет тапшылығы бар адамдар.
Метапневмовирус инфекциясы ЖРВИ-дің әдеттегі белгілерімен көрінеді:
- жөтел;
- мұрынның бітелуі;
- мұрыннан су ағу;
- дене қызуының көтерілуі;
- ентігу;
- дауыс қарлығуы.
Ересектерде бұл ауру көбінесе жеңіл түрде өтеді немесе симптомсыз байқалады.
Айта кетейік, адамның метапневмовирусы ондаған жылдар бойы айналымда болған және көбіне ауа-тамшылары жолымен, кей жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы таралады. Оның белсенділігі ЖРВИ және тұмау маусымында артады.
Желтоқсанда Қытайда метапневмовирус індеті тіркеліп, ол таралу жағынан тұмаудан кейінгі екінші орынға шықты. Қазақстанда қазан айынан бері осы вирустың 30 жағдай анықталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!