Скандинавиялық сауықтыру орталығының эндокринологы Галина Смирнова ағзаға ауыр болмас үшін оливье, дірілдек пен майшабақты бір уақытта қаншалықты жеуге болатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lentа.ru сайтына сілтеме жасап. 

Смирнова дірілдек еттің буындар үшін пайдалы болғанымен, жоғары калориялы тағам екенін еске салды. Сондықтан бір тұтынғанда 200 грамнан артық дірілдек жемеуге кеңес берді. Ол оливье салатын ағза үшін үш ас қасықтан артық жемеуді ұсынды.

«Орташа мөлшерде майшабақ салатын бір уақытта 100 грамнан көп жемеу керек. Майонездің мөлшерін азайту арқылы тағамның калориясын да азайтуға болады», – деді Галина Смирнова. 

Эндокринолог жаңажылдық мерекелер кезінде уылдырықты да шамадан тыс пайдаланбау керектігін айтты. Оның айтуынша, бұл өнімнің құрамында ағзадағы зәр қышқылының деңгейін арттыратын пурин қосылыстары бар, сонымен қатар калориялары да жоғары. Смирнова аптасына екі-үш реттен көп емес үш-бес шай қасық уылдырық жеуге кеңес берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!