Фото: Unsplash/Myriam Zilles
Sputnik. Қант пен ашытқы қосылған нан сүйектердің нығаюына кедергі келтіреді, сондықтан бұл өнімдердің орнын маусымдық жемістермен, көкөністер және шөптермен алмастырған жөн, деді РИА Новостиге берген сұхбатында ортопед-травматолог Рустам Эфендиев.
«Бұл жағдайда диетадан ашытқы қосылған нан мен қант сияқты тағамдарды мүмкіндігінше алып тастаған жөн. Қантты кептірілген жемістермен, балмен, джеммен алмастыруға болады, бірақ оларды аз мөлшерде тұтыну керек, жемістер мен көкөністердің де тәттісін таңдаған абзал», – деп атап өтті Эфендиев.
Ашытқы қосылған нанды ұйытқы және бидайдан жасалған нанға, қара бидай нанына ауыстыру керек. Бұл сүйектерге, тамырларға пайдалы, жүрек қызметін жақсартады.Минералдардың сіңуіне фитин қышқылы да кедергі келтіреді. Дәндерде кездесетін бұл зат ас қорыту ферменттерін блоктайды. Дегенмен бұл сұлы, қарақұмық немесе жүгеріге тыйым салынады дегенді білдірмейді. Тұтыну алдында дәндер фитин қышқылын бейтараптандыру үшін ашытылады немесе қуырылады.
Осылайша, сүйек денсаулығын сақтау үшін қантты тұтынуды азайту керек. Оның көп мөлшері ішек микрофлорасына теріс әсер етеді, бұл минералдардың сіңуіне жол бермейді. Кофеиннің үлесін азайтыңыз, өйткені ол организмнен минералдардың несеппен шығарылуын тездетеді. Сонымен қатар ішімдіктен де бас тартқан дұрыс. Бір жағынан, ол ағзадағы судың, тұздардың жоғалуына әкеледі, екінші жағынан сүйек тініне улы әсер етеді.
«Көбіне көкөніс өнімдерін, шөптерді тұтыну керек, мұндай өнімдер көп. Диетаны дәрумендермен, минералды кешендермен толықтыруды ұмытпаңыз. Маусымдық өнімдер, яғни көкөністер, жеміс-жидектер адам ағзасы үшін пайдалы», – деп қосты дәрігер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!