Қант диабетін күйзелісті бастан өткергеннен кейін бір аптадан соң анықтауға болады. Бұл туралы дәрігер Иван Дедов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Күйзеліс иммун жүйесіне әсер етеді, оны бұзады. Мынадай бір мысал болды: төрт жасар бала әжесімен итін далаға шығарған. Бір кезде ит босап кетіп, баланың көзінше оны көлік қағып кеткен. Бір аптадан кейін баладан қант диабеті анықталды», – деді академик.

Иван Дедов бүгінде күйзеліс әртүрлі аурудың пайда болуының негізгі факторларының бірі екенін жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!