Фото: pixabay.com
Диетолог Сабина Карсиева қарбыздан уланудың белгілерін атады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Аif.ru»-ге сілтеме жасап.
Маман адам қарбыздан уланған кезде оның жүрек айнуы, құсуы, іші ауыруы, іші өтуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ әлсіздік және температураның көтерілуі секілді улану белгілері байқалады.
Дәрігер белгілер ушыға бастаса, жедел жәрдем шақыруға кеңес берді.
Егер сақтықпен жесе, қарбыз қан тамырларының кеңеюіне ықпал ететін аминқышқыл – L-цитрулинге бай. Ол бұлшықеттерге оттегі жеткізу процесін жеңілдетеді. Сондай-ақ, қарбызда көптеген каротиноидтар, соның ішінде ликопин бар, олар ағзада А дәруменіне айналады. Ликопин көруге және жасқа байланысты макулярлы дегенерацияның (орталық көру қабілетінің бұзылуы) алдын алу үшін пайдалы. Сондай-ақ, қарбыз жүрек пен қан тамырларына жағымды әсер етеді: жаман холестерин деңгейін төмендетеді және түйіншектердің пайда болуының алдын алады.
Сонымен қатар, қарбызда жүректің жұмысына қажетті калий мен бұлшықеттердің жиырылу қабілетіне жағымды әсер ететін магний бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!