Остеопат Дмитрий Симкин тізе сықырлауының негізгі себептерін атады,  – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Газете.Ru»-ге сілтеме жасап.

Артроз

«Тізенің сықырлауы – бұл жиі кездесетін жағдай, бірақ ол әркез аурумен байланысты емес. Мысалы, отырып-тұру жаттығуы кезінде тізенің жайлап сықырлауы қалыпты болып саналады. Әдетте ол жаттығуды жақында ғана бастаған адамдарда кездеседі және тұрақты жаттығулардан соң өздігінен кетеді. Қарапайым серуендеу кезінде тізе сықырласа, қытырлаған дауыс естілсе, бұл сізді ойландыруы керек. Әсіресе егер дыбыстар тек бір тізеде естілсе. Бұл қанмен қамтамасыз етілмегендіктен және буынның дұрыс тамақтанбауынан болатын дистрофиялық өзгерістерді көрсетуі мүмкін. Көп жағдайда бұл артрозды білдіреді», – деп түсіндірді дәрігер.

Артроз көбіне жеткіліксіз физикалық белсенділік пен артық салмақ салдарынан дамиды. Сондай-ақ оны тізенің немесе дененің басқа бөліктерінің жарақаттары туындатуы мүмкін.

Артрит

«Тізе сықырлап қана қоймай, сондай-ақ ауырсыну, ісіну және қызару болса, бұл артриттен туындаған буынның қабынуы болуы мүмкін. Орның артроздан айырмашылығы – ауру қанмен қамтамасыз етудің бұзылуымен байланысты емес. Артрит көбіне аутоиммунды және жұқпалы патологиялар аясында, сондай-ақ подагра және ағзадағы басқа метаболикалық бұзылулар кезінде дамиды», – деп атап өтті Симкин.

Майтабан

Тізе сықырлауының тағы бір ықтимал себебі – бірінші немесе екінші типтегі майтабандылық. Бұл жағдайда мәселе ортопед немесе остеопатқа жүгіну арқылы шешіледі.

«Ортопедиялық емдеу тамақтануды қалпына келтіру және буын құрылымдарының серпімділігін жақсарту үшін арнайы ұлтарақтарды және әртүрлі препараттарды (ішке де, сыртқа да) киюді қамтиды. Остеопатиялық емдеу аяқ пен балтыр сүйектерінің өзара орналасуын қалыпқа келтіруге бағытталған. Бұл буын қозғалысының траекториясын және оның қанмен қамтамасыз етілуін қалпына келтіруге, сондай-ақ дәрілік терапияның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады дәрігер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!