Фото: depositphotos.com
Терапевт Памела Тамбини құрамында магний, триптофан және мелатонин бар кейбір тағамдар ұйқыны жақсартатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Дәрігер ұйықтар алдында сүт ішуге немесе киви, сұлы жеуге кеңес берді. Оның айтуынша, сүтте тыныштандыруға және босаңсуға көмектесетін триптофан бар. Ал сұлы құрамында мелатонин бар. Ол денеге демалу уақыты келгенін сездіреді.
«Ұйықтар алдында киви жеу жақсы ұйықтауға көмектеседі және оның құрамындағы серотонин мен антиоксиданттың арқасында ұйқының ұзақтығы мен сапасы артады», – деп қосты маман.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!