Фото: көрнекі сурет
Танымал жаңажылдық тағам – дірілдектің (холодец) құрамында сүйек тығыздығы мен теріге оң әсер ететін коллаген бар, сондай-ақ алкоголь ыдыраған кезде токсиндердің әсерін бейтараптандыруға көмектесетін, масаңдық синдромын азайтатын глицин аминқышқылы кездеседі. Бұл туралы РИА Новостиге дәрігер Андрей Тяжельников айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Дірілдекті көпшілік жиі дайындайды, себебі оны дәмді ғана емес, сондай-ақ өте пайдалы деп санайды. Ең алдымен, оның құрамындағы коллаген үшін. Бұл – тағамды дайындау кезінде қолданылатын сіңір, шеміршек, сүйектерде кездесетін ақуыз. Ұзақ қайнату оны биожетімді етеді, сондықтан бұл тағам сүйектеріміздің тығыздығына және терінің жасаруына шынымен оң әсер етеді», – деді маман.
Оның айтуынша, дірілдекте көптеген дәрумен мен микроэлемент бар. В тобының дәрумендері және полиқанықпаған май қышқылдары жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді. А дәрумені иммундық жүйені нығайтады, ал лизин аминқышқылы кальцийдің сіңуін жақсартады. Дірілдектің құрамында темір, магний, калий, натрий, кобальт және фосфор бар.
«Глицин аминқышқылы ми жасушаларын ынталандырып қана қоймай, алкоголь ыдыраған кезде токсиндердің әсерін бейтараптандыруға көмектеседі, масаңдық синдромын азайтады. Сондықтан жаңажылдық мәзірде бұл тағам өте орынды», – деп қосты Тяжельников.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!