Фото: Коллаж: depositphotos.com

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі 10 минут соқпай қалған науқасты құтқарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

40 жастағы ер адам № 2 қалалық ауруханаға гиповолемиялық шок және бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен өте ауыр жағдайда түскен.

«Ер адамның жүрегі 10 минутқа тоқтап, дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Жедел іс-шаралардан кейін дәрігерлер жүрек соғысын қалпына келтіріп, науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосты», – деп жазылған ақпаратта.

Ер адам жағдайы жақсарғанға дейін бес күн нефрологиялық бөлімде болды.

«Дәрігерлердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында науқастың жағдайы жақсарып, қажет емнен кейін үйіне шығарылды», – деді реаниматолог Жасұр Мұхитдинұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!