Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі.
Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Жаһандық жаңа сын-тегеуірінді ескере отырып, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спортқа арналған шығыстар артады. Бұл – адами капиталға, еліміздің болашағына салынған стратегиялық инвестиция. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жалпы ішкі өнімнің кемінде 5 пайызын құрайды.
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 2 ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынады. Өңірлік медицинаны дамыту үшін еліміздің барлық облысында 20 заманауи медициналық орталық саламыз. Аудандық ауруханалар мен перзентханаларды, ауылдық емдеу мекемелерін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеміз. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өсетін болады. Басты мақсат – қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 75 жасқа жеткізу», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!