Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл ел бойынша дәріхана желісіндегі бағаның төмендеу динамикасын бақылайды. Объективті бағалау үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері ең сұранысқа ие 70 препараттың құнын талдаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тізімге қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер, антибиотиктер, жүрек-қан тамырлары препараттары, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының ауруларын емдеуге арналған заттар кірді.

Реттеудің жаңа тәртібі енгізілгенге дейінгі және соңғы екі айдағы бағаларды салыстыру кезінде препараттар құнының төмендеуі орта есеппен 12%-ды құрады.

Бұл бағаны реттеу шаралары қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беретінін білдіреді:

  •  дәрі-дәрмектер қолжетімді болады;
  • баға үстемелері теңестіріледі;
  • дәріхана желілері белгіленген қағидаларды ұстанады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!