Желіде ДДСҰ-ның жалған мәлімдемесі талқылануда. Ұйым мамандары енді маска тағу қажет емес деп мәлімдеген екен. Осындай «дәйексөз» жазылған скриншот осы жылдың 25 қаңтарында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Шын мәнінде, ДДСҰ мамандарының ешқайсысы мұндай мәлімдеме жасамаған. Интернетте тарап кеткен скриншот Principia Scientific International конспирологиялық ресурсынан шыққан және ДДСҰ-ға еш қатысы жоқ», – деп жазады Stopfake.kz порталы.
Сайтта, тіпті, контекстен алынған дәйексөз келтірілген, шындығында, ол ДДСҰ-ның 2020 жылғы 1 желтоқсандағы Mask use in the context of COVID-19 құжатынан алынған. Онда «жеткілікті қорғаныс деңгейін қамтамасыз ету үшін масканы тиісінше қолдану жеткіліксіз» делінген.
Бұдан әрі түпнұсқа құжатта COVID-19 алдын алу бойынша қолды жиі жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты басқа нұсқаулар берілген.
Сонымен қатар, құжатта маска тағудың тиімділігін көрсететін зерттеулердің нәтижелері келтірілген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!