Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Спутник V» вакцинасын келесі жылдың басында мақұлдауы мүмкін. Бұл туралы ұйымның Еуропалық аймақтық бюросының жетекшісі Ханс Клуге мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Ханс Клугенің айтуынша, COVID-19 препараттарының шыққан елі маңызды емес. Денсаулық сақтау саласы саясаттан тыс болуы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейдің вакцина туралы құжаттамасын 2021 жылдың соңына дейін алуы керек.
Айта кетейік, осы жылдың маусым айында өткен тексеріс қорытындысы бойынша ұйым мамандары препарат өндіретін кәсіпорындардың бірінде заң бұзушылықтарды анықтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!