Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова карантиндік шектеулер енгізілгеніне қарамастан іс-шара өткізгендердің фотосын жіберуді сұрады, деп хабарлайды Spunik Қазақстан.

Ол шектеу шаралары барлығына ортақ екенін атап өтті. Айтуынша, республикада 1600-ға жуық мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына полиция қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері кірді.

«Мониторинг топтарының жұмысына үлес қосқысы келетін кез келген адам жергілікті әкімдікке хабарласа алады. Қазақстанның барша тұрғынынан, соның ішінде журналистерден тыйым салынған жиын өткізгендердің фотосы мен видеосын жіберуді сұраймыз. Ақпаратты полицияға, бақылаушы топтарға, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне жіберіп, тез арада сол жерге барып, шара қолдануға үлес қосуға болады», – деді Есмағамбетова.

Оның мәліметінше, 31 желтоқсаннан бірінші қаңтарға  дейінгі аралықта өткен аптамен салыстырғанда тыйым салынған шара өткізгендер саны екі есе артқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!