Денсаулық сақтау министрлігі шетелде инфекциялық аурулардан қалай сақтануға болатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, туристердің артуына байланысты Қазақстанға жат қауіпті инфекцияларды елге әкелу қаупі артады.
Ылғалды климатқа және тропикалық аурулардың жоғары концентрациясына байланысты қауіпті өңірлер:
- Африка,
- Оңтүстік Америка,
- Оңтүстік-Шығыс Азия.
Жұқтыру жолдары:
- Ластанған су және тамақ,
- Масалардың шағуы,
- Науқастармен байланыс,
- Жыныстық жол.
Инфекциялардан қалай сақтану керек?
Тырысқаққа қарсы (Үндістан, Африка, Йемен және т. б.):
- Күмәнді сападағы суды ішпеу,
- Тек бөтелкедегі/қайнатылған суды ішу,
- Көкөністерді/жемістерді жуып, қайнаған су құю,
- Дәретханадан кейін, тамақтанар алдында және т. б. қолды сабынмен жуу.
Безгекке, Денгеге қарсы және т. б. (Африка, Азия, Латын Америкасы):
- Жабық киім кию,
- Репелленттерді қолдану,
- Москит торларын қою,
- Фумигаторлар мен аэрозолдерді қолдану.
Фактілер мен статистика:
- 17 өткізу пункті санитариялық-карантиндік бақылаумен қамтамасыз етілген,
күн сайын ҚР шекарасынан 50 000 адам өтеді, - 5 айда: 2,6 миллион адам, температурасы бар 43 жолаушыға көмек көрсетілді.
Сапар алдындағы кеңестер:
- Баратын елдегі эпидемиологиялық жағдайды зерттеңіз,
- Дәрігерден профилактикалық консультация алыңыз,
- Жолға негізгі қорғаныс жиынтығын алыңыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!