Денсаулық сақтау министрлігі 27 сәуірде Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік мәліметінше, апталық 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында «Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен өтеді.

Аптаның мақсаты – вакцинациялау өмірді сақтайтынын еске салу.

«Егудің арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия тіркелмеген. Эпидпаротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті — 32 есе, В гепатиті — 92 есе, қызамық — 2000 еседен астам төмендеді»,- делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғауды қамтиды.

Бұл ретте, 2024 жылдан бастап Ұлттық күнтізбеге 11-13 жас аралығындағы қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау қосылды. Қазіргі уақытта бір дозамен 11-13 жастағы 133 169 қыз, екі дозамен – 21 194 қыз егілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!