Мерекелерден кейін тамақтану режимін қалпына келтіру үшін сорпалар, ботқалар, көкөністер және ақуызды көбірек жеу керек. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина радиостанцияға берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қазір ағзаны «тазалап», қалпына келтіру керек. Сол үшін асқазанға жеңіл түсетін ботқалар мен сорпалар жеу керек», – деп атап өтті ол.

Диетологтың айтуынша, тұзды және ысталған тағамдарды азайту қажет. Сонымен қатар, қалпына келу үшін толыққанды ұйқы, жиі әрі аз-аздан тамақтану және таза ауада серуендеу маңызды. Ол ұйқы жеткіліксіз болған кезде ағза жоғары энергиялы – тәтті әрі майлы тағамдарды көбірек талап ететінін ерекше айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!