Бұл витамин аз болса, ағзада интерлейкин төмендеп, иммундық жүйе әлсірейді. Салдарынан қартаю процесі тез жүре бастайды

К дәруменінің тапшылығы қартаю процесін жылдамдатады, деп жазады РИА Новости М. Ф. Владимирский атындағы диетологиялық орталық маманы Инна Пичугинаға сілтеме жасап.

Бұл витамин аз болса, ағзада интерлейкин төмендеп, иммундық жүйе әлсірейді. Салдарынан қартаю процесі тез жүре бастайды. 

Диетологтың айтуынша, К витамині майда ериді. Ол ақуыз синтезі мен қан ұю жұмысына қатысады.

«Егер бір жерде қантамырлар зақымдалса, витамин қоюлатып, қан ағуын тоқтатады», – деп мысал келтірді маман.

Бұған қоса, бүйрек дұрыс жұмыс істеуі үшін де керек. Кальций мен Д витаминінің байланысы үшін де маңызды. Демек, сүйек жүйесі мен байланыстыратын тіндерге қажет. Балалар қаңқасының дамуына, ал егде жастағы адамдарда остеопороздан қорғауға септеседі. 

К витамині орамжапырақ. салат сынды негізінен жасыл түсті өнімдерде бар. Сондай-ақ бауырда да болады.

sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!