Көпшілік сүзбе массасы пайдалы деп санайды, бірақ оны шамадан тыс пайдалануға болмайды екен. Бұл туралы диетолог Михаил Гинсбург айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Гинсбург сүзбе массасында әдетте қант, транс майлар көп екенін жеткізді. Дәрігердің айтуынша, ингредиенттердің мұндай комбинациясы сүзбенің барлық пайдалы қасиетін жоққа шығарады.
Ол кәдімгі сүзбе ағзаны бірқатар аурудың дамуынан қорғайтын болса, ал майлы әрі тәтті сүзбе массасы қант диабеті, семіздіктің даму қаупін арттыратынын айтты.
Диетолог сау адамдарға бірнеше қасық сүзбе массасы зиянын тигізбейтінін жеткізді, бірақ семіздікке шалдыққандар мен гипертониямен ауыратындар бұл өнімді қолданбағаны жөн.
Маман, сондай-ақ, балаларға тәтті сүзбе бермеуге кеңес берді, өйткені ол қанты бар тағамға деген құштарлықты қалыптастыруы мүмкін екен.
Фото: Massaget.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!