фото: baq.kz

14 маусым – Дүниежүзілік қан донорлары күні. Кімдер қан доноры болып, өзгенің өмірін құтқара алады? Донор болу үшін не істеу керек? BAQ.KZ тілшісі осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрген болатын.

Сұрақтарымызға жауапты елорда төрінде орналасқан «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастырған баспасөз туры барысында таптық.

Орталыққа қан тапсыру ниетімен келген жанды есіктен әкімгер күтіп алады. Екі тілде жазылған сауалнаманы арнайы құпиялылығы бар үстелге отырып толтырады. Базадан азаматтың денсаулығы туралы мәліметтер толықтай тексеріледі. 

Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс 

Осылайша, донор болғысы келетін адамның денсаулығына қатысты мәліметтер анықталады. Тексерістен соң донорды қан донациясы немесе компоненттер донациясына жіберілетіндігі белгіленеді.

Егер тромбоциттер донациясына жіберілсе, қосымша тағы да қан алынады. Барлық азамат дәрігердің тексеруінен өтеді.

Донор қаны екі кезеңді скринингтен: ИХЛА (иммунохемилюминесценттік анализ) және ПЦР (полимеразды тізбекті реакция) әдістері арқылы өткізіледі.

Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс 

18 жасқа толған, қарсы көрсетілімдері жоқ, дені сау, салмағы 50 келіден кем емес кез келген азамат қан тапсыра алады.

Шектеу болмағанымен, дәрігерлер донор болу-болмауды оның жағдайына қарай жеке анықтайды, – деп түсіндірді Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығы Донорлар кадрларын жинақтау бөлімінің меңгерушісі, дәрігер-трансфузиолог-терапевт Әйгерім Сағамбаева.

Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс 

Донор қан тапсырмас бұрын қан айналымын жақсарту үшін тәтті шай ішеді. Айта кетерлігі, орталықтың асханасындағы қызметтер тегін. Донор қалағанынша тәттілермен шай ішіп, әлденіп алған соң қан тапсыру залына жіберіледі.

Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс 

Қан орталығында бүгін де донор болғысы келетіндердің қарасы көп.

Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс 

Донор ретінде екінші рет қан тапсыруға келіп отырмын. Тексерістердің бәрінен өткен соң қаным қолданысқа жарайды деп сенемін. Мұқтаж адамдарға аз болса да көмегімді тигізгім келеді. Қан тапсыру – қоғам алдында әлеуметтік жауапкершілік деп білемін, – дейді кезегін күтіп отырған 39 жастағы Нұрлан.

Ал 2-топтағы теріс резусты қан иесі Евгений – тұрақты донор.

Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс 

20 жылға жуықтады, үнемі қан тапсырып тұрамын. Осы уақытқа дейін 45 литрден артық қан тапсырыппын. 10 жыл бойы Петропавл қаласында плазма доноры болдым. Кейін Астанаға қоныс аударған соң сол дәстүрді жалғастырдым. Қазір тұрақты түрде, айына 1 рет осы орталыққа келіп, донор боламын. Денсаулыққа пайдалы, әрі азамат ретінде қоғамға пайдамды тигізсем деймін, – деп ағынан жарылды 40 жастағы Евгений Стрекозин.

52 жастағы Серік Ақмағамбетов бірінші кезекте денсаулығын қалыпқа келтіру үшін қан тапсыру туралы шешім қабылдадым деп отыр.

Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс 

Қан қысымым бірден көтерілетін деңгейге жетті. Қан тапсырып көрейін деп шештім. Бір рет тапсырған соң өзімді жақсы сезініп, тұрақты түрде донор болдым, – дейді қала тұрғыны Серік Ақмағамбетов.

Десе де, қан тапсырудың өз тәртібі бар. Ол қатаң сақталады. Дәрігерлер қанды екі айда бір тапсыруға болатынын айтты.

Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс 

Қазіргі таңда қанды тұтас құю – сирек кездесетін жайт. Қанты компоненттеп құю ғылымда да дәлелденген. Қан компоненттеп құйылса, организмге тез сіңісіп кетеді.

Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс 

Мына аппараттарда лейкоциттер бөлек алынады.

Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс 

Қазақстандық донордық портреті – 18 бен 60 жас аралығындағы дені сау, спортпен айналысып, дұрыс тамақтанатын азаматтар. Статистика да көңіл көншітеді: донорлар арасында жастар көп. Ер адамдар көбірек келеді, олар 60-65%-ды құрайды. Дегенмен әйел адамдар да бар. Донорларымыздың 68%-ы бірнеше рет қан тапсырса, 32%-ы – алғаш рет донор болып отырғандар, – дейді «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы, жоғары санатты дәрігер-трансфузиолог Сәния Әбдірахманова.

Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс 

Тағы бір айта кететін жайт, елде ақылы донор болу 7 есеге төмендеген. Бұл дегеніміз – азаматтар тегін көмектесуді қалайды.

Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс 

Қоғамның да донорлыққа көзқарасы өзгеріп келеді. Адамдар бұрынғыдай қорықпайды. Қоғамға пайдамызды тигізсек деген жауапкершілік басым, – деді орталық басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!