Sputnik. Қазақстанда донорлыққа келісім бергендердің саны 3 есеге жуық өсті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
2025 жылы Қазақстанда 12 671 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берген.
«Бұл жай ғана статистика емес. Әрбір осындай шешім – трансплантаттауды күтіп отырған бірнеше адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігі», – деп жазылған хабарламада.
Жалпы алғанда, соңғы үш жылда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа саналы түрде келісім берген азаматтар саны шамамен 3 есеге артты:
2023 жылы – 4 991 адам,
2024 жылы – 7 242 адам,
2025 жылы – 12 671 адам.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
