Фото: BAQ.KZ архив
Соңғы екі айдың ішінде қызылша ауруы 38%-ға төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Қосымша иммундау аясында вакцинациялауға жататын адамдардың 92%-ы егілді. Бұл ретте қызылшамен сырқаттанушылықты тіркеу жалғасуда. Осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуын тексеруі қажет. Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша емханада вакцинация алуды ұсынамыз, – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қызылша асқынулармен қауіпті
Қызылшаның белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсас: дене температурасының жоғарылауы; жөтел; аурудың 4-5 күнінен бастап бөртпе пайда болады.
Қызылша асқынулармен қауіпті: Энцефалит; Пневмония; Отит.
Қызылшаның профилактикасының жалғыз сенімді құралы – уақтылы вакцинациялау.
Вакцинациялау 1 және 6 жастағы балаларға жүргізіледі.
Вакцинациялау арқылы – балаларыңызды қызылшаның ауыр түрінен және оның салдарынан қорғайсыз.
Елімізде қызылшаға қарсы ддұ сертификатталған қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады
ҚР-да вакцинаны енгізуге байланысты иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Күтілетін реакциялар – дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина енгізілген жердің қызаруы, ісінуі тіркеледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!