Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцина алғандар қайтадан екпе салдыратынын айтты. Бұл жайында Coronavirus2020.kz Telegram-каналындағы видеода жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде ревакциналау жоспарланып отыр. Қазір тиісті қадамдарды айқындап жатырмыз. Ревакцинацияның екі түрі болады. Ұжымдық иммунитетті жалпы 60-70 пайызға жеткізгенге дейінгі шұғыл екпе бар. Сонымен қатар, жоспарлы ревакцинация бар. Ол жылына бір рет болады. Қазір біз нақты бір мерзімді пысықтап жатырмыз, себебі елімізде вакциналау ақпан айынан бастап жүргізілді. Адамдардың басым бөлігі маусым-шілде кезеңінде екпе алды. Осы орайда олардың ағзасындағы антиденелер әлі де бар, оның деңгейі де жоғары. Сондықтан екінші дозаны алғаннан соң шамамен 9 айдан кейін күнтізбеге енгізіледі. Қазіргі кезде әріптестермен осы мәселені қарастырып отырмыз», – деді А. Цой.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!