Қазақстанда 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцина салу жоспарланып отыр деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда жазылды.

«11 жастағы жасөспірім қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакциналау ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Екпемен нысаналы топтың кемінде 95%-ы қамтылады», – делінген құжатта.

Кешенді жоспарда көрсетілгендей, вакцинация жүргізілетін мерзім – 2023-2025 жылдар аралығы.

Сонымен қатар аталған уақыт ішінде «В» вирусты гепатитіне де қарсы вакцинация жүргізілмек. Бұл бағытта да нысаналы топтың 95%-ын тиісті екпемен қамту жоспарланған.

Құжатты ашық талқылау 23 ақпанға дейін жалғасады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!