SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда қызылша дерті қайта күшейіп отыр. 2026 жылдың басынан бері ел аумағында 1951 адамнан қызылша анықталған.
Үкіметте жарияланған мәліметке сәйкес, науқастардың басым бөлігі – бес жасқа дейінгі балалар. Ауру жұқтырғандардың дерлік барлығы вакцина алмаған.
Қызылша ең көп тіркелген өңірлер қатарында Астана мен Алматы қалалары, Жамбыл және Атырау облыстары бар.
Билік өкілдері 2024 жылмен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 85 пайызға төмендегенін атап өтті. Алайда екпе қамту көрсеткішінің төмендігі эпидемиологиялық ахуалды әлі де қауіпті күйде қалдырып отыр.
Бірқатар өңірде жоспарланған вакцинация деңгейіне қол жеткізілмеген. Ең күрделі жағдай Маңғыстау облысында тіркеліп отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
