Фото: Үкімет
Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің дерегінше, зерттеу бойынша:
Елімізде ересек тұрғындардың 21 пайызы темекі тартады, балалардың 20 пайызында артық дене салмағы бар, соның ішінде 6 пайызы семіздіктен зардап шегеді. 11-15 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы вейпты тұрақты түрде шегеді. Энергетикалық және тәтті сусындарды ішуі – 17,5 пайыз, – деді ведомство басшысы.
Ғиният бұл мәселенің қалай шешілетінін айтты. Сөзінше, медициналық көмектің сапасын арттыру үшін жеке меншік ұйымдар тартылып жатыр.
Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелер 57 пайыз болса, жеке меншік медициналық ұйымның үлесі 43 пайыз, – деді Ғиният.
Ведомство басшысы вейптерге қатысты заң мәжілісте қарастырылып жатқанын айтады. Сондай-ақ министрлік 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу қаралып жатқанын атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!