Өткен бір тәулікте 175 адамнан – коронавирус, 10 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды деп хабарлады turkystan.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан – 1 255 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 192 (КВИ-), барлығы 1 447 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 203 пациент стационарда, 1 244 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 6 адамның жағдайы ауыр,
– 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!