Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде қандай жағдайда толық локдаун енгізілуі мүмкін екенін айтты.
Оның айтуынша, төсек-орындарды толтыру 70%-ке жетіп, жаңа ауруханаларды ашуға қосымша мүмкіндік болмаса, елде қатаң карантиндік жағдай орын алуы мүмкін.
«Мұндай жағдайда денсаулық сақтау жүйесінің күйреуі орын алады. Мұндай сценарийде біз нақты аймақ бойынша локдаунға дейін қатаң шаралар қабылдайтын боламыз», – деді ол.
Министр жағдай теріс нәтиже көрсететін боласа, нақты қадамдар жасалғанын атап өтті.
«Белгіленген нақты қадамдарды пысықтадық, бірақ біз бұған жүгінудің қажеті жоқ деп үміттенеміз», – деп түйіндеді ол.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты жағдайды жақсарту бойынша бірқатар жаңа тапсырмалар берген болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!