фото: ашық дереккөзден алынды

Көптеген дәрілер көктамыр арқылы тамшылатып енгізіледі. Дәріні ағзаға енгізудің жеңіл әрі ыңғайлы жаңа тәсілі табылды.
Стэнфорд университетінің журналында жарияланған материалға сүйенген Aikyn.kz, дәріні ағзаға енгізудің жеңіл тәсілінің ерекшеліктерін түсіндіреді.
Бір инъекциямен құйылатын сұйық ерітіндіге жоғары концентрацияда ақуыз қосудың үлкен кемшілігі бар. Фото kohaclinics.com сайтынан алынды

Ақуызға негізделген дәрі-дәрмектер зат алмасу бұзылыстары мен аутоиммундық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Бірақ олар тиімді әсер етуі үшін дәріні үлкен дозада енгізу қажет.

Бір инъекциямен құйылатын сұйық ерітіндіге жоғары концентрацияда ақуыз қосудың үлкен кемшілігі бар. Бұндай кезде ақуыз молекулалары бірігіп, тым тұтқыр қоспаға айналады, оны ағзаға қауіпсіз енгізу қиын. Сондықтан дәріні сағаттап көктамыр арқылы тамшылатып құюға тура келеді.

Бұл мәселені шешу үшін Стэнфорд университетінің профессоры Эрик Аппель бастаған ғалымдар тобы MoNi деп аталатын биосәйкес сополимер полиакриламидін жасап шығарды.
MoNi-дің едәуір артықшылықтары бар. Ол жоғары температурада балқымайды немесе жабысқақ болмайды. Дәрілік ақуыздармен бірге үйлеседі: альбумин, адам иммуноглобулині және COVID-19-ға қарсы моноклоналды антидене.
Белсенді қоспасы жоқ ақуыз қатып қалса (сол жақта), MoNi белсенді затпен араласқан дәрілер сұйық күйде қалады (оң жақта). Фото news.stanford.edu сайтынан алынды. Авторлығы: Carolyn Jons

Жаңа тәсіл қалай жұмыс істейді?

MoNi, су және емдік ақуыздардан тұратын қоспа беткі қабатқа бүркіледі, содан кейін су буланып, микротамшылар ұнтаққа айналады. Бұл ұнтақ микробөлшектерден тұрады, оның сыртында MoNi қабығы, ішінде ақуыз өзегі. Ұнтақты арнайы сұйық ерітіндіге араластырғанда, микробөлшектер бір-біріне жабыспай, суспензия күйінде сақталады.

Ғалымдар бір миллилитрге 500 мг-нан астам ақуызды ерітуге болатынын анықтаған. Бұл қазіргі ерітінділерден 2 есе артық көрсеткіш. Сонымен қатар, қоспа инъекция арқылы оңай енгізіледі және қанға түскен соң MoNi өздігінен ериді.
Осындай тәсілмен дәрілерді емханада сағаттап тамшылатып емес, үй жағдайында автоинъектормен бірнеше секундта енгізуге болады. Бұл тәсіл кез келген биологиялық препаратқа бейімделе алады. Профессор Аппельдің айтуынша:

«Біз бұл технологияны кез келген биопрепаратпен бірге қолдана аламыз. Сонымен бірге, инъекция арқылы оңай енгіземіз».
Зерттеу нәтижелері Science Translational Medicine журналында жарияланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!