Ресейдің Ростов қаласында ерлі-зайыпты 8 айлық қыздарын өлтірді деген күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 23 жастағы әйел мен 33 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Олар қызын өлтірді деген күдікке ілінген.
Тергеу нұсқасы бойынша, 28 сәуірде ерлі-зайыпты пәтерінде болған. Екеуі кішкентай қызды ұрып, салдарынан сәби қайтыс болған. Олар сегіз айлық қыздың денесін тығуға тырысқан.
Артынша әйел адам өзі полиция шақырып, ол күдікті ретінде қарастырылмайды деп сенген. Ол қызы жоғалып кеткенін айтқан. Алайда қызметкерлер пәтердің жағдайын көріп, артынша қыздың өліміне қатысты дәлелдерді тапқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!