«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі есірткілікке тәуелділік болып отыр. Оның жартысынан көбі жастар делінуде. «Бұның себебі неде?» деген сұраққа ғалымдар жауап іздеуде. Есірткі пайдаланылатын жастардың өміріне тәжірибе жасап көрген ғалымдар мынадай мәселені анықтаған: ол жастардың ата-анасы жоқ немесе тұрмыс тіршілігі төмен, ата-анасы ажырасқан не болмаса ата-анасының балаға деген дұрыс тәрбие бермеуі секілді жағдайлар болып отыр.

Жастардың бәрі есірткіні қолданайын деп қолданбайды. Олар өз өмірлерін осы есірткімен жақсартамын деп ойлайды. Олар бұл  түсініктерінің қате екенін ұғынбайды.Есірткі – бұл уақытша көңіл көтеру  ғана.

Мектеп қабырғасынан-ақ есірткі туралы диктанттар, іс-шаралар, ашық сабақтар, тәрбие сағаттар өтеді. Бірақ соны кішкентайынан құлағына құйып өсседе бұл дүниені неге пайдаланады? Бұл есірткіге кез келген адамның ағзасы үйреніп кетсе, шығуы өте қиын. Бұл қанатсыз аспанға ұшқанмен тең.

Адамдардың есірткіге деген тәуелділігі артқан сайын, өмір сүруі қысқарып отырғанын елестете берсек болады. Адамның жаман әрекетке тез үйір болары анық қой. Бірақ, барынша оларға жоламауға тырысу керек. Адам өмірге қалай қараса,өмірде адамға тура солай қарайды. Ғалымдар бұған мысал ретінде қарапайым Эверест шыңын алады. «Сен Эвересттің шыңына жету үшін талай еңбектену керек. Ол жолда алдыңнан талай қиындық кездеседі. Бірақ оны есірткімен шешу деген сөз емес. Ол жолда сен есірткі пайдаланған сайын басың айналып, миың уланып , келген жеріңнен төменге қайтып құлайсың. Ал жоғары Эвересттің шыңына осылай шыға аласың ба? Осылай бақытты бола аласың ба? Әрине, бұның жауабы біреу-ақ. Сен қиындықтардың бәрін есірткімен шешемін деп ойлап өзіңнің теріс бағытқа кетіп бара жатқаныңды сезбейсің. Сен кішкентай мәселені шешемін деп, үлкен мәселеге тап боласың. Ажалыңмен бетпе-бет келгенде ғана ұғасың. Бірақ, ол кезде тым кеш болады.  Құдай бір өмір, бір денсаулық берді ме, оны дұрыс бағытқа қарай пайдалану керек.

Сен есірткі пайдаланған сайын жүрегің күннен күнге кірлей береді. Сен мейірім деген нәрсені ұмытасың. Ол затты алу үшін не болсада істейсің. Оны қолданғаннан кейін, кімге не істеп, кімге не істемегеніңді білмейсің. «Осы қалпыңмен Құдайдың разылығына ие боламын деп ойлайсың ба?»дейді ғалымдар.

Ғалымдар бұл жайлы тағы да балалардың ата-аналарымен сұхбаттасып көрді.  Көптеген ата-аналар таң сәрісі атқаннан, күн батқанша жұмыста болады. Балаларын анда-санда ғана көреді. Онымен ешбір әңгіме айтпайды. Ол баланың немен айналысып жүргенін білмейді. Бірақ, соңында бәрін баладан көріп шығады. Ал өздерінің кінәсі жайлы ойламайды. Балаға тәрбие әке-шешесінен дариды.

Ал есірткіні кім сатады? Осыншама адамды теріс жолға салатын кім? Бұл сұрақтардың да жауабын тапты. Жоқшылықтан шаршаған жастар басқа амал таппай, ақша табудың оңай жолын іздейді. Ал осы есірткімен бұрыннан айналысатын адам осындай жастарды тауып, оларды есірткі сатуға үгіттейді. Ақша табудың оңай жолын іздеген адамға бұл оңтайлы әдіс. Ал соңында не болады? Өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Өмір олар үшін қара түнек болады.Ол Эверест шыңына шықпақ түгілі, қадам істей алмайтындай күйге түсіп, сағы сынады. Ал ол жақсы өмір сүргенде өмір де оған тағдырын жарықтандырып берер еді. Осы есірткі деген ми улаушылықты тастасақ өміріміз, болашағымыз жарқын болады. Сенің бұл кезде Эверест шыңына жетуіңе бір- ақ қадам қалар еді.

Шешілмейтін жағдай жоқ, шеше алмайтын адам бар. Көз жастың тамшысында өмірімізді қызығырақ қылып өткізейік.

Эльвира АХАНАЕВА,

М.Мәметова атындағы

Қызылорда педагогикалық  жоғары  колледжінің

2-курс студенті

#есірткігеқарсыбайқауы

 #антинаркотическийконкурс

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!