Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
Денсаулық-адам баласына берген Жаратқанның ең үлкен сыйы,өмірдегі қажетті байлығы.Кім болса да өз денсаулығын сақтап, оның мықты болу жолдарын қарастыруы керек. Денсаулықты қадағалау-өмірге келген әрбір адамның міндеті.Бала кезден ата-анамыз денсаулығымызды жақсы күтуге тәрбиелеп,дұрыс тамақтануға,жаман әрекеттермен оны нашарлатпауға үйретеді.Ал есейе келе адамдар өзіне берілген сыйға қиянат жасап,өзін жаман әдеттерге итермелеп жатады.
Әрине ,оған қоғамның да тигізер әсері зор. Қазіргі таңда, шылым шегіп, ащы су мен есірткіге құмар адамдар көбейген. Осындай нашар адамдарға еліктеп,ол нәрселердің зиян екендігін біле тұра әуестеніп, өздерін керемет адамдарша сезінеді.Жанындағыларға насихаттап,оны барынша жақсы жағынан көрсетуге тырысады.Бұл әдеттер кейбірінде мектеп жасында пайда болуы мүмкін. Себебі, мектеп жасындағы балалар көп нәрсеге құмартып, барлығын байқап көргісі келеді.Ал кейбір балалар жанындағылардың күш көрсетуімен теріс жолға түсіп жатады. Бұл уақытта олар есірткіге әуестенбейді,барлығын темекі шегуден бастайды.Ал,темекінің құрамында, есірткіге құштарлықты оятатын белгілі бір заттар бар.Осыдан соң,жаман нәрселер өздеріне тартып,құмарлыққа итермелейді.
Мектеп жасындағы балалар ата-аналарынан қорыққандықтан жасырыныпжүреді.Ендігі ол нәрселерден бас тарта алмайтын уақыттарда өз баласынан жағымсыз әрекеттерді байқаған ата-ана баласын бұл тордан құтқара алмайды. Осылайша, темекіге, есірткіге, ащы суға әдеттеніп, өмірін сол нәрселерге арнаған бала қараңғылыққа жол бастайды. Жаман заттарға құмар адам айналасына да зиянын тигізе бастайды.Жанындағыларға насихаттап,оны барынша жақсы жағынан көрсетуге тырысады.Осылайша зиянды заттарға тәуелді адамдар көбейе береді.Бұл қазіргі таңда қоғамдағы ең күрделі мәселелердің бірі болып отыр.
Жалпы есірткі дегеніміз не?
Есірткі-адамды есінен айыратын, қоғамды улайтын ең қауіпті .Оны алғашқы кезде ішек,склероз,ұмытшақтық,жөтел ауруларын емдеуге ұсынған. Кейіннен бұл затқа адамдардың аңсары ауып,тәуелділік кеңінен жайылған. Жаман нәрсе тез таралатыны сияқты, содан бұл бүкіл әлемге тарап, қазірдің өзінде жойылмай тұрған ең үлкен дерт болып отыр.
Егер де есірткіні алдағы уақытта көзін құртпаса,қай мемлекет болмасын ұлтшылдығынан айырылып,жағдайлары төмендей бермек.Бұл апаттың алдында Қазақстан да тұр.Елімізде есірткі сатумен айналысып, келешек ұрпақтың көзін жоюмен, қазақ шаңырағын шайқалтып бұзушылар жоқ емес,бар.Менің ойымша, бұл қоғамда орын алатын әрбір қиын мәселесемен байланысып жатыр. Өйткені барлығы адамның өз әрекетінен бастау алады. Есірткіге тәуелді адам есіне білмейді.Есінен адасқан адам не істеп не қойғанынан хабарсыз болып,жанындағыларға жамандық жасап, келеңсіз оқиғаларға әкеліп жатады.Яғни қоғамда осы улы заттың кесірінен көптеген қылмыстар орын алып жатады.
Өмірде барлығы да екі тарапқа бөлінеді.Бірі зиян келтірушілер болса,бірі қиындықтардың алдын алушы.Қоғамда адал еңбек етіп, Отанына жаны ашитын шынайы мамандарымыз бар.Солардың ішінде полиция қызметкерлерін екінші тарапқа жатқызсақ, олар күндіз-түні қылмыскерлерді ұстап, адамдардың қауіпсіздігімен айналысады.Есірткі сатумен, тасумен айналысатындардың және пайдаланушылардың біртіндеп көзін құртып жатыр. Менің ойымша, оларды толығымен жою өте қиын шаруа, себебі олар күн сайын, сағат сайын көбеюі мүмкін.Полиция қызметкерлері бұл нәрсені ешқашан естен шығармаған. Егер елімізде мұндай мамандар болмағанда жер бетіндегі халық толығымен жойылып кетуші еді.Сол себептен полиция қызметкерлеріне қай кезде болмасын алғысымызды айтып жүрсек артық болмас.
Әттең адамдар есірткісіз өмірдің ғажап екендігін түсінсе ғой. Өмірдің не екендігін түсініп,әр сәтін бағалауды үйренер еді Айналасындағылар да есіркіге құмартушылар кесірінен жапа шекпей, дұрыс өмір сүрер еді.Өз қатесін түсініп,дұрыс жолға қайта бұрылушыларды кездестіріп жатамыз,бірақ сирек.«Дұрысталамын» деген адамға әлі де кеш емес.Жаратқан иеміз айтады екен, «Қателік жасап,кейін қателігін түсінген құлымды ерекше жақсы көремін» деп.Жаманның артынан еріп, жақсы жолға түсемін деген адам қатты қателеседі. Өмір бір-ақ рет беріледі. Осындай ғажап өмірді темекіге,есірткіге,ащы суға арнаған адам- өте төмен адам.
Болашақ біздің,келешек жастардың қолында. Сол себептен қай-қайсысымыз болсақ та, зиянды заттардың адам өміріне алып келер қауіптілігі мен сәтсізділігін дәлелдеп,қолдағы алтынның қадірін білуді,өмірдің керемет мүмкіндік екендігін дәріптеп жүрсек, қазақ еліне төнер қауіп жоқ.
Ақбота КЕҢЕСБЕК,
М.Мәметова атындағы
Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
2-курс студенті
#есірткігеқарсыбайқауы
#антинаркотическийконкурс
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!