Халықаралық медициналық басылым халықты жаппай ревакцинациялаудың пайдасы жоқ деген мақала жариялады.
Бұл туралы ДДСҰ мен АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының ғалымдар тобы ұсынған деректерде айтылған, деп жазады exk.kz. Мамандардың айтуынша, қолданыстағы вакциналар айтарлықтай тиімді, сондықтан әзірге қайта екпе салудың қажеті жоқ, деп жазады The Lancet басылымы. «Сонымен қатар, екпенің қайталанатын дозаларын тым жиі немесе мерзімінен бұрын қабылдау да пайдасыз. Тіпті қауіпті болуы да ықтимал. Мысалы, екпені үздіксіз сала беру миокардитке және Гийен-Барре синдромына шалдықтыратын көрінеді», – деп жазады салалық басылым. Дегенмен «кейбір иммундық жүйесі әлсіз адамдар үшін күшейткіш вакциналар пайдалы болуы да мүмкін» дейді ғалымдар. Қалай болғанда да, сарапшылар вакциналардың жаңа дозаларын ұсынбас бұрын тиісті зерттеулер жүргізуі керек деп есептейді. Бұндай тұжырым әсіресе қазір кеңінен қолданыла бастаған екпелерге (Pfizer мен Moderna) және аденовирусқа негізделген препараттарға (мысалы, Sputnik V) қатысты жасалған байлам.
ERNUR.KZ порталы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!