фото: who.int/ru
Ухань қаласының Хуанань базарында COVID-19 инфекциясының ең алғашқы және ең көп саны тіркелген. АҚШ, Ұлыбритания, Франция елдерінің ғалымдары коронавирустың таралу көзі Қытайдың Ухань қаласының базарындағы теңіз өнімдері екенін дәлелдей алды. Бұл туралы америкалық Cell ғылыми журналында жарияланған мақалада айтылады, – деп хабарлайды Информбюро ақпарат агенттігі.
2019 жылдың күзінде Ухань қаласының Хуанань базарында бірнеше сатушы тірі жануарларды заңсыз сатқаны анықталған. Хуанань базары – Ухань қаласының ең үлкен жабайы табиғат базары. Мұнда тұрақты түрде тірі жануарлар сатылған. Жанат, бамбук егеуқұйрықтары, кірпілер, амур кірпілері мен азиялық борсықтар базардың батыс жағында орналасқан. Ал базардың сол жақ бөлігінде COVID-19 инфекциясының ең алғашқы және ең көп саны тіркелген, – делінген.
Базардан алынған генетикалық материалдың үлгілері зерттелгеннен кейін олардың коронавирустың ортақ генетикалық сипаттамалар
ына сәйкес келетіні анықталған. Жануарлардың торынан, оларды тасымалдауға арналған арбалардан және кәріз арналарынан коронавирус іздері табылды. Алынған үлгілер бүкіл пандемияның ортақ генетикалық түрімен үйлеседі.
Ғалымдар вирустың таралуының екі гипотетикалық нұсқасын сипаттайды: ол жануарлардан (нақты қандай түр екенін анықтау мүмкін болмады) адамдарға жұққан немесе керісінше, адамдар оны базарға әкелген. Сонымен қатар жарқанаттардың генетикалық материалы табылмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы бұл жануарлар инфекция көзі болуы мүмкін екенін және осы COVID-19 таралуының ең ықтимал сценарийлерінің бірі екенін айтқан болатын.
Қытай коронавирустың зертханада пайда болуы мүмкіндігін жоққа шығарып, елдің беделін түсіруді және мәселені саясиландыруды тоқтатуды талап етті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!