Әлемде коронавирусқа қарсы вакциналар көбейіп келе жатқанына қарамастан, ғалымдар әлі де ауруға дәрі-дәрмектің көмегінсіз қарсы тұрудың жолын іздеп жатыр. Бұл жайында «Московский комсомолец» басылымы жариялады.

Басылым мәліметінше, бұл ізденістегі басым бағыттардың бірі – тамақ ғылымы мен тамақтану. Ғалымдар дүкеннен алынған тауарлардың коронавируспен күрестегі әсерін зерттеді. Осылайша, ауру ағымына әсер ететін бірнеше өнімді атады: балық (тунец); қара шоколад пен жүзім; айран; грейпфрут тұқымы сығындысы; низин – бактериялар шығаратын және көптеген консервіде кездесетін табиғи тағам консерванты. Ол Е234 нөмірімен де белгілі. Оған қоса, теңіз балдырлары бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!