Тамақтану саласындағы мамандар The Lancet журналында жаңартылған есеп жариялады. Онда салауатты тамақтанудың негізі өсімдік тектес өнімдер болуы тиіс, ал ет тек сирек қосымша ретінде қолданылуы керек екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Есепте мамандар негізінен өсімдік тектес тағамға негізделген, жануар тектес өнімдерді шамалы мөлшерде және қант, тұз бен қаныққан майларды барынша аз тұтынуды ұсынған.
Бұл тұжырымдар 2019 жылғы ұсыныстардың жалғасы болып табылады. Сол кезде олар агроөнеркәсіптік қауымдастықтардың қатты сынына ұшыраған еді. Салалық бірлестіктер ол ұсыныстарды «қауіпті» және «ұлттық дәстүрлерге сәйкес келмейді» деп атаған.
Алайда ғылыми қауымдастық, керісінше, бұл тәсілді қолдап, тек әлеуметтік теңсіздік пен салауатты тағамның қолжетімділігін ескеру қажеттігін атап өтті.
Жаңартылған деректерге сәйкес, қызыл етті (сиыр, шошқа, қой еті) тұтыну мөлшері күніне 15 граммен шектелуі тиіс. Бұл алдыңғы ұсыныстардан айтарлықтай ерекшеленбейді.
Сонымен қатар, күнделікті норма келесідей болуы керек:
– 200 грамм көкөніс,
– 300 грамм жеміс,
– 210 грамм дәнді дақыл,
– 250 грамм сүт өнімдері,
– 30 грамм балық немесе теңіз өнімдері,
– сондай-ақ аз мөлшерде ақ ет.
Ғалымдардың пікірінше, мұндай тамақтану режимі денсаулықты жақсартып, өлім-жітім көрсеткішін төмендетеді және дұрыс тамақтанбаудан туындайтын созылмалы аурулардың қаупін айтарлықтай азайтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!