Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары биомедициналық қалдықтарды жоюдың инновациялық әдісін ойлап тапты.
Отандық ғылыми зерттеушілер әзірлеген қалдықтарды қайта өңдеудің плазмалық технологиясы мен плазмохимиялық реактордың әлем бойынша баламасы жоқ. Әзірлемелер арнайы патентпен қорғалған. Қалдықтарды жоюдың плазмалық технологиясының бірегейлігі оның биомедициналық қалдықтарды толық термиялық залалсыздандыруға мүмкіндік беруінде. Нәтижесінде өңдеу тиімділігі артып, процеске энергия аз шығындалады.
«Плазмохимиялық реактордағы қалдықтарды өңдеу 2000 К дейінгі температурада жүреді. Бұл минералды қалдықтың еруін жақсартады және улы компоненттердің пайда болуына жол бермейді», – дейді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Александр Устименко.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!