Аскаридоз – паразиттік ауру. Аталған дерт тыныс алу жолдарының зақымдалуымен және аллергиялық реакциялармен бірге жүреді. Аурудың негізгі көзі – науқас адам.
2025 жыл басынан бері Қызылорда облысында аскаридоздың 6 жағдайы анықталды, оның ішінде 4 дерек 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Аскаридоздың барлық жағдайы зертханалық жолмен нақтыланған. Науқастармен байланыста болған адамдар медициналық бақылаумен қамтылды.
Көп жағдайда аурудың негізгі себебі жеке бас гигиенасы қағидаларын бұзу болып табылады. Жуылмаған көкөністер мен жемістерді тұтынған кезде аскарид жұмыртқасы ағзаға енеді, одан құрттар жетіліп шығады, ол бүкіл денеге қан тамырлары арқылы таралады. Әрі қарай инфекцияның қайталама фазасы пайда болады және аскаридтердің ішек пен бүкіл денеде үздіксіз қозғалу циклі басталады.
Аскаридоздың белгілері жөтел, терідегі бөртпелер, сондай-ақ мұрын мен тыныс жолдарының қышуы арқылы байқалуы мүмкін.
Аскаридоздың асқынуларына ішектің бітелуі, перитонит, аппендицит, холангит, гепатит, механикалық сарғаю, панкреатит және іш қуысының абсцесі жатады.
Аурудың алдын алу қарапайым тазалық сақтау, мекендерді санитариялық абаттандыру. Ата-аналар балаларын үнемі көзден таса қылмай, қадағалап, аузына лас заттарды, топырақты, құмды және т.б. заттарды салуға жол бермеуі керек.
Г. Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!