«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына бақылау кеңесінің мүшесі бос лауазымдық қызметіне Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу күні: Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз)күнтізбелік күн ішінде.
Конкурс өткізу орны: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 27, 2-қабат,
207 кабинет. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ғимараты.
Анықтама телефоны: 8 (7242) 40-04-51 (3007, 3030).
Орналасқан жері: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №4 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Индекс 120010, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Тасбугет кенті, Шахмардан Есенова 38б.
Байланыс телефоны: 8/7242/21-58-03, электронды пошта: emhana_04@mail.ru.
Негізгі қызмет түрі қала халқына амбулаториялық-емханалық, стационарды алмастыратын көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың болуы:
1. Денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2. Денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнесжәне (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3. Денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) кұқық саласындағы коғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: Конкурсты өткізу туралы хабарламажарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1. Конкурска қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2. Мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3.Өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4. Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6. Қазакстан Республикасы Енбек кодексінің талабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқык бұзушылықтары жоқекендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру. ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді.
Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді. Ішкі және сыртқы конверттер:
1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;
2) – мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және … дейін ашуға болмайды» (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Конкурстық өтінім шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.
Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте үміткердің аты, жөні,тегі және мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн аралығында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27-үй мекенжайы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс.
Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (7242) 40-04-51 (3008), 23-53-41.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!