Фото: pixabay.com

Кез келген тәтті өнім зиян деген пікір бар. Алайда бұл олай емес. Диетолог Екатерина Бурляева пайдалы тәтті өнімді атады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Doctorpiter»-ге сілтеме жасап.

Маман өнімдерді тек пайдалы немесе зиян деп бөлуге келмейтінін ескертті: бұл жерде шаманы білу, адамның тұлғалық ерекшеліктері және қарсыкөрсетілім маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ дәрігерлер денсаулықты сақтау үшін мәзірге қосу керек тәттілер бар екенін айтады. Мысалы, кептірілген өрік.
Кептірілген өрік – жүрегі ауыратын адамдар үшін керемет өнім. Оның құрамында миокарданың жиырылушы қызметі үшін маңызды калий көп. 100 г өнімде калийдің тәуліктік нормасының 60-70% бар.

Кептірілген өрікте А дәрумені мен бета-каротин көп. Бұл антиоксиданттар ағзаны қорғайды және көруді жақсартады. Оған қоса, жаңа піскен өрікке қарағанда кептірілген өрікте бета-каротин мен А дәрумені 3 есе көп.

Сондай-ақ кептірілген өрікте кремний мен никотин қышқылы көп. Бұл қосылыстар жүйке жүйесі үшін маңызды.

Кептірілген өріктің тағы бір артықшылығы – құрамында тағамдық талшықтардың көп болуы. Олар асқазан-ішек жолыңыздың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тағамдық талшықтар қандағы холестерин мен қант деңгейін түсіруге және қысымды дәрісіз қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Алайда кептірілген өрік калориялы өнім: 100 г өнімде 250 калория бар. Сондықтан артық салмақтан арылғыңыз келсе, күніне 50-70 г кептірілген жемістен артық жемеген жөн.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!