Жыл басынан бері облыс бойынша 14 859 адамның індет жұқтырғандығы анықталса, бүгінде оның 82 пайызы жазылған. Ал, пневмониямен ауырған 2019 науқастың 1741-і яғни 86,2% емделіп шықты. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жалғасбек Үсенов мәлімдеді. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал қатаң бақылауда. Қазіргі таңда инфекциялық төсек-орын саны 2160, оның ішінде реанимациялық төсек-орын саны 164, бүгінге жүктеме 49,5 пайызды құрап отыр. Резервтік орын санын қосқанда 3200 төсек-орны әзірленіп, оның 518 орны орталықтандырылған оттегімен жабдықталған. «Облыста режимді түрде 6 оттегі шығару станциясы жұмыс жасауда. Дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына қажетті медициналық кадрлар мен құрал жабдықтар жеткілікті. Атап айтқанда, медициналық ұйымдар 686 оттегі концентратор, 251 ӨЖЖ, 8 компьютерлік томограф, 66 рентген аппаратымен қамтылған. 11 ПТР аппараты іске қосылған. Тәулігіне 1300-1500 аралығында сынама алынуда. Қажеттілік туындағанда зерттеу санын 3500-ге дейін жеткізуге мүмкіндігіміз бар», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.Сонымен қатар, облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның 65,9%-ы яғни 264 502 адам вакциналанды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!