Инсульт пен инфаркт – тез арада медициналық көмекті қажет ететін екі күрделі жағдай, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл екі ауру да қан айналымының бұзылуына байланысты болады және ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. Алайда олардың себептері, белгілері және салдары әртүрлі.

Инсульт немесе цереброваскулярлық ауру қан тамырларының бітелуіне немесе жарылуына байланысты миға жетпеген кезде пайда болады. Бұл мидың белгілі бір бөлігіне қан дұрыс жетпеуіне әкеп соғады, сонымен қатар, ми жасушаларына зақым келтіруі және олардың функцияларының бұзылуына әсер етуі мүмкін.

«Инсульттің белгілері дененің бір жағында әлсіздік пайда болуы немесе ұйқышылдық, сөйлеудің бұзылуы, қимылдарды үйлестірудің қиындауы, сондай-ақ, бас ауруын қамтуы мүмкін», – деді маман.

Инфаркт немесе жіті коронарлық синдром қанның жүрекке жетуіне кедергі келтіретін артериялардың бітелуіне байланысты пайда болады. Бұл жүрек бұлшықетінің зақымдалуына және оның функциясының бұзылуына әкеп соғады. Инфаркт белгілеріне кеудедегі қатты ауырсыну, сол қолдың немесе иықтың ауырсынуы, ентігу, жүрек айнуы және құсу жатады.

Самат Кайрамбаевтың айтуынша, инсульт пен инфаркт арасындағы айырмашылықтарға симптомдар ғана емес, денсаулыққа тигізетін әсерлер де жатады. Инсульттің салдары – көбіне тыныс алу функциялары мен сөйлеудің бұзылуы, ал инфаркт жүрек-қан тамырлары проблемаларын тудыруы мүмкін.

Егер инсульт немесе инфарктқа күдік туындаса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек екенін ескерген жөн.

Фото: Massaget.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!