Фото: elements.envato.com

Ішек қатерлі ісігінің алдын алуға болатын бірнеше тәсілдер белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Басылым жазбасында күніне екі мәрте жаяу жүрудің пайдасы бар екені айтылды. 

Дүниежүзілік онкологиялық зерттеулер қорының сарапшылары таңертең және кешке физикалық белсенділік тоқ ішек қатерлі ісігінің алдын алудың тиімді әдісі екенін анықтады. Олар белсенді өмір салтының өзі қатерлі ісік қаупін азайтатынын, бірақ физикалық белсенділіктің ең пайдалы болатын белгілі бір кездері болатынын атап өтті.

Доктор Майкл Лейтцманның айтуынша, таңертең және кешке серуендеу күні бойы белсенді жүргенге қарағанда тиімдірек болады. Осы себепті мамандар халықты жұмысқа жаяу барып, жаяу қайтуға шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!