Фото: Depositphotos.com

Нефролог Наталия Закураева ісінудің себебі бүйрек аурулары екенін қалай анықтауға болатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Здоровье» Mail.ru сілтеме жасап.

Ісіну – ағза тіндерінде тым көп сұйықтықтың жиналуынан туындайды. Дененің кез келген аймағы ісуі мүмкін, бірақ көбінесе аяқ ісінеді. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, бүйрек, жүрек, бауыр, қалқанша без, тамыр.

Егер бүйрек қызметі бұзылса, әдетте аяқ пен көздің айналасы ісінеді. Олар ағзада натрийдің сақталуымен немесе нефротикалық синдроммен байланысты болуы мүмкін. Бұл синдромда ақуыздың едәуір мөлшері – 3 грамнан астам – зәрге кетеді. Бұл қан ақуызының төмендеуіне және сұйықтықтың тамырлардан тіндерге өтуіне әкеп соқтырады.

Ісінудің көрінісі әртүрлі болады:

  • тері астындағы тіндердің ісінуі, әсіресе аяқтарда немесе қолдарда;
  • ісінген жерде терінің созылуы немесе жылтырауы;
  • ісінген жерді саусақпен басқан кезде бірнеше секунд ішінде шұңқырдың пайда болуы;
  • аяқтағы ауырлық сезімі;
  • ауыр жағдайларда – іш қуысында сұйықтықтың жиналуына байланысты іштің ұлғаюы.

Бүйрек аурулары жергілікті ісінумен сипатталмайды, яғни егер ісіну асимметриялы болса, дененің бір бөлігінде, бір аяқ, мойын немесе жыныс аймағында пайда болса, онда бұл бүйрекпен байланысты емес.

Бүйрек ауруларының салдарынан ісінген кезде, науқастың қан қысымы жоғарылауы, ентігуі, шөлдеуі мүмкін. Сондай-ақ, мұндай кезде ауру тарихының егжей-тегжейін, күнделікті зәрдің мөлшері, дәрі-дәрмектерді қабылдау, тұзды қолдану мөлшері туралы анықтау маңызды. 

Қажет болса, анализдер тағайындалады. Бүйрек ісінуін растау үшін қажет анализдер тізімі:

  • жалпы зәр анализі;
  • күнделікті ақуыздың жоғалуы немесе альбумин – зәрдегі креатинин қатынасы;
  • креатинин, мочевина, жалпы ақуыз, қан альбумині.

Ауру тарихы мен анализдердің нәтижесі бойынша ісінудің бүйрекпен байланысы бар-жоғын болжауға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!