Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының қаулысымен өңірде карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды.
Байқоңырда карантин 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін енгізілген болатын. Індеттің өршуіне байланысты карантин ұзартылды. Вируспен ауырғандар саны 1 124-тен 1 162 адамға дейін артты. Инфекциялық стационарда 7 адам емделіп жатыр. Пандемия басталғалы Байқоңырдың 70 тұрғыны коронавирус індетінен көз жұмды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!