Фото: life-pics.ru

Көктемде адамның тәбеті тартпай, әлсіреп, бойында мазасыздық байқалады. Дәрігерлер ол иммунитеттің түсуінен дейді. Оған жол бермес үшін, мына қарапайым белгілерге мән бергеніңіз абзал.

Стресстен аулақ болыңыз

Стресс иммунитеттің төмендеуіне және аурулардың дамуына айтарлықтай ықпал етеді.

Ұйқыны қандыру

Күніне 8 сағат ұйықтау денсаулыққа пайдалы. Ұйқы кезінде иммунды есте сақтау қалыптасады. Бірақ әр адамда ұйқының өз нормасы бар. Мысалы, сізге 7 сағат жеткілікті болуы мүмкін. Оны өзіңіздің хал-жағдайыңыздан байқайсыз. Сондай-ақ ұйқының сапасы да маңызды. Егер күнде әртүрлі уақытта жатсаңыз, түн ортасында ояна берсеңіз немесе бір апта бойы жөнді ұйықтамай, ал демалыс күндері бас көтерместен ұйықтасаңыз, иммунитетке зиян келтіресіз. Ағзаны ұйықтауға дайындау маңызды: ұйықтар алдында ауыр тамақ жемеңіз, гаджеттер ұстамаңыз және белсенді спортпен айналыспаңыз.

Серуендеу және жаттығу

Күн сайын отыз минут дене шынықтыру немесе таза ауада серуендеу инфекцияларға төзімділікті арттырады және тонусты көтереді.

Су ішіңіз

Су метаболизм процестерін жақсартады және зиянды заттарды шығарып, пайдалы заттары сіңіруге көмектеседі.

Тазалық сақтау

Үйді ылғал тазалаңыз, ауаны ылғалдандырыңыз және үйді жиі желдетіп алыңыз. Көктемде тұмау маусымы басталады. Сондықтан сырттан келгенде қолды жақсылап жууды ұмытпаңыз және бұл әдетті бала бойына да сіңіру керек.

Ақерке КЕНЖЕБЕК,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!