Фото: depositphotos.com
Офтальмохирург Элина Санторо «News.ru»-ге көздегі қан тамырлар жоғары қан қысымынан, мысалы, гипертония кезінде «жарылып кетуі» мүмкін екенін айтты. Бұл кезде адамның көзінің іші қып-қызыл болып кетеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, сондай-ақ қант диабеті кезінде де қан тамырлар «жарылуы» мүмкін.
Элина Сантороның айтуынша, қан тамырлардың «жарылуына» вирусты аурулар да себепші болады. Соның ішінде, грипп.
Келесі себеп – вирусты немесе бактериалды конъюнктивит.
Көзге зақым келгенде де қан құйылуы мүмкін.
«Мұндай қан құйылулар көзге ота жасағаннан кейін де пайда болатынын ұмытпау керек: катаракта хирургиясы, глаукомалар, көруді жақсарту мақсатында жасалатын лазерлі оталар», – дейді маман.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!