Фото: depositphotos.com
Офтальмохирург Элина Санторо көздің нұрлы қабығында көптеген жүйке ұштары бар екенін айтты, сондықтан ол өте сезімтал. Оны көзге құм немесе шаң сияқты бөгде заттар түскен кезде ескеру керек. Мұндай жағдайларда ол көзді арнайы ерітіндімен немесе ағынды сумен жуу керегін айтты және көзді уқаламауды ұсынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «News.ru»-ге сілтеме жасап.
Дәрігер көзге, соның ішінде оның нұрлы қабығына бөгде заттардың түсуі микрозақым тудыру мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, соның себебінен көз жасаурауы және жарықтан қорқу пайда болуы мүмкін.
«Мұндай жағдай адам не істей алады? Біріншіден, көзді арнайы ерітіндімен немесе сумен шаюға болады. Екіншіден, көз тамшысын тамызуға болады», – деп кеңес берді дәрігер.
Офтальмолог көзді немесе көздің айналасын уқалауға болмайтынын айтты. Себебі ол орган бетінің одан сайын зақымдалуына әкелуі мүмкін. Ол сондай-ақ бөгде затты өз бетінше, әсіресе, орамал секілді қол астындағы құралдармен алуға болмайтынын айтты. Мұндай кезде көзге инфекция түсуі мүмкін.
«Сондықтан көзді сумен шайып, көзге арналған тамшы тамызыңыз. Содан соң офтальмолог маманына қаралыңыз. Басқа ұсыныстар айтпас едім», – деді Элина Санторо.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!