Дәрігер-диетолог, нутрициолог кофені неліктен тамақтанар алдында немесе одан кейін бірден ішуге болмайтынын түсіндірді.

Наталья Нефедованың айтуынша, таңғы ас кезінде кофе ішу дұрыс емес. Себебі сергітетін бұл сусын ағзаға тамақпен бірге түсетін қоректік заттардың сіңуіне кедергі келтіреді.

«Кофенің құрамында металдардың ағзаға сіңуіне жол бермейтін хелаттар бар. Егер сіз үнемі кофе ішсеңіз, ағзаңызда мырыш, темір, магний аз болады. Кофені тамақтан кейін 30 минуттан соң ішкен дұрыс», – дейді дәрігер-диетолог.

Кофе ағзадағы кальцийдің сіңуін нашарлатады. Алайда шығынның орнын толтыруға сүт өнімдерін пайдалану көмектеседі.

«Кофе ағзадағы кальцийді кетіреді. 200 миллиграмм кофеинге шамамен 12 миллиграмм кальций деп есептейсіз. Бұл – шамамен бір шыны сусынның мөлшері. Сондықтан кофені сүтпен ішкен дұрыс. Себебі сүттің құрамында кальций бар. Немесе ірімшік қосылған қара кофені де ішуге болады. Өсімдік сүті де қолайлы. Алайда құрамында қанты жоқ, дәрумендерге, кальцийге, темірге бай сусынды таңдауыңыз керек», – деп кеңес берді Наталья Нефедова.

Алайда кофеге сүт қосқан кезде сусынның майлылық мөлшері артып, толыққанды тағамға айналатынын ескерген жөн, дейді диетолог. Ол осыны есте ұстап, тәтті дәмдеуіштер қосылған кофеден бас тартуды ұсынады.

«Сусынның майлылық мөлшерін де ескерген дұрыс. Мысалы, 500 миллилитр капучино құрамында 206 килокалория бар. Себебі оның құрамында сүт көп. Бұл шамамен екі кесе кофе. Бір ғана кесе ішсеңіз де, толыққанды тағам ретінде саналады. Десе де ең қауіпті кофе сусындарына түрлі сұйықтықтар (сироп) мен тәтті дәмдеуіштер қосылғаны жатады. Мұндай сусынды көп мөлшерде ішсеңіз, салмақ қосуыңыз мүмкін», – деп ескертті дәрігер.

Sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!