Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 маусымдағы № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен жаңа «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осы күннен бастап «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығының күші жойылады.

Жаңа санитариялық қағидалар:

1) коммуналдық мақсаттағы объектілерді орналастыруға, күтіп-ұстауға, пайдалануға қойылатын;

2) қонақүй қызметін көрсететін объектілерге, моншалар мен сауналарға, шомылу-жүзу бассейндеріне, аквапарктерге қойылатын;

3) кір жуу орындарына, химиялық тазалауға қойылатын;

4) халыққа косметикалық және шаштараздық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын;

5) спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық объектілеріне қойылатын;

6) жаппай демалу орындарына, қоғамдық дәретханаларға қойылатын;

7) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!